Алғашқы қоңырау » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 51-41-72
Бухгалтерия
+7(7222) 51-41-72
Версия для
слабовидящих
10
сентябрь
2021

Алғашқы қоңырау

Қымбатты мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушылары, ата-аналар! Бүгін сіздер үшін жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталды. Биылғы жылы ел тәуелсіздігіне 30 жыл болса, қазақтың ұлы ағартушысы, "Кел, балалар, оқылық!"-деп қазақты оқу-білімге шақырған, қазақ баласына тұңғыш қоңырау үнін естірткен, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, тұңғыш қазақ әліпбиін дүниеге әкелген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтуде. Осыған байланысты бүгінгі алғашқы қоңыраудың өзіндік ерекшелігі бар. Бүгінгі салтанатты мерекеде сіздер алғашқы "Әліппе" оқулығын қолға алдыңыздар. Бұл сендер үшін ерекше естелік, ұмытылмас сәт болары сөзсіз. Балдырғандарымыздың келешегі кемел, болашақтары нұрлы, қадамдары құтты болсын! "Мектеп" атты қасиетті білім ордасынан терең біліммен қаруланып, тәуелсіз Қазақстанның мықты азаматы мен азаматшасы болуларыңызға тілектеспіз.