10
сентябрь
2021
Мектеп автобустары
1 сентябрьтен бастап Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен қаланың шалғай аудандарында тұратын балаларды мектепке тасымалдау жұмысы басталған болатын. Осы іс-шараны №15 мектеп әкімшілігі де белсене қолдап, мектебіміздің оқушыларын мектепке тасымалдау жұмысын ұйымдастырды. Қарағайлы, Энергетик мөлтек аудандарынан, Кордон, Северный аудандарынан 350-ге жуық баланы мектепке жеткізу жұмыстарын қолға алды. Осындай мектеп оқушыларына көмек көрсеткендері үшін қала әкімдігіне, қалалық білім бөліміне зор алғысымызды білдіреміз!




