Семинар » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№15 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-41-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 51-41-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2023

Семинар

2 қараша 2023 ж  мектебімізде  жетекші  мектеп пен серіктес мектептің бірлескен жұмыс жоспары бойынша”Тиімді тапсырмаларды дайындауда заманауи технологияның педагог үшін маңыздылығы” тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарға серіктес мектептеріміз: Б.Исадилов атындағы  орта мектеп, №8 орта мектеп-кешені ұстаздары мен  Семей қаласындағы ПШО тренері Усенова Дидар Эрнстовна қатысты.
Семинардың мақсаты: Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін сабақтарда тапсырмаларды қолдану қажеттілігін көрсету,мұғалімнің педагогикалық практикасын арттыруға ықпал ету.
 Семинар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Д.Толеубекованың құттықтау сөзімен және жетекші мектептің серіктес мектептермен бірлесе отырып атқарған жұмыстары  туралы мәліметімен басталды. Семинар барысында мектеп ұстаздары оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін сабақта қолданылатын тиімді тапсырмаларды дайындаудағы  заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар  соңында «Идеялар аукционы» өткізіліп, кері байланыс жасалды. Әдістемелік семинар жұмысын ПШО тренері Д.Э.Усенова  жоғары бағалап, өз іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.