Жетістіктер » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№15 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-41-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 51-41-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

Жетістіктер

2023 жылдың 12-сәуір күні Н.Ә.Назарбаев атындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен "НИШ Кубогы-2023" атты Абай облысының мектеп оқушылары арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жылдығына орай өткен пікірсайыс турнирде "Ландыш" фракциясы алғаш рет ағылшын тілінде сайысқа қатысты,НЗМ,лицей,гимназиялармен қатар иық тіресіп,үздік ойын көрсетіп,жүлделі 1-орынды иеленді. Мектебіміздің "Сөз-мерген" ДК-ның бас спикері 9"ғ" сынып оқушысы Касымбаева Гульзада "Үздік спикер" аталымын қоса жеңіп алды. 10"ә" сынып оқушысы Ильясов Жәнібек пікірсайыста өзінің тіл шеберлігін көрсетіп дипломмен "НИШ-2023" Кубогын иеленді.Мектебіміз үшін үлкен абырой әкелген пікірсайыскерлерімізге алдағы ойындарында да сәттілік тілейміз! "Сөз-мерген" ДК-ның жетекшісі Назгуль Бауыржановна оқушыларды дайындағаны үшін арнайы Сертификатпен марапатталды.Мектеп директоры Кайрбек Ануарбекович сайыскер оқушылар мен жетекші мұғалімдерін құттықтап алғысын білдірді.

Похожие публикации:

30 март 2023 Жетістіктер