12
март
2022
Жетістіктеріміз.
12-наурыз күні қаламыздағы N47 ЖОББМ-те Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында аймақтық дебат турнирі өтті. Аталған пікірсайыс алаңына алдына ала іріктелген 20 фракция қатысты. N15 ЖОББМ 10-сынып оқушылары Жакенов Мади мен Адамбаев Алинур "Красная машина" фракциясы болып,мектебіміздің намысын қорғап,үздік ойын көрсетті.
Алғашқы аяқ алыстары болса да,4-турдан тұратын ойынның 3-турында үздік деп бағаланды. Ойын Британдық форматта өтті. Яғни,бір уақытта 4 команда пікірталастырды. Және,бұл форматтың ерекшелігі-тақырып ойын алдында 15 мин.бұрын ғана берілді. Осындай тосыннан берілген тақырыптарға тосылмай,тамаша ойын көрсеткендері үшін,алғыс білдіреміз! Ойын нәтижесінде,"Сөз-мерген" ДК жетекшісі Назгуль Бауыржановна бастаған "Красная машина" фракциясы Облыстық "Ұлағат" білім орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Алдағы ойындарына толағай табыс тілейміз! Жарайсыздар!