«Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№15 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-41-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 51-41-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы
01
август
2024

«Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция 1 тамыздан басталып 30 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Акцияны ұйымдастырушылар барлық азаматтарды, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қатысуға және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге өз үлесін қосуға шақырамыз.