"Өзін өзі -басқару" күні. » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 51-41-72
Бухгалтерия
+7(7222) 51-41-72
Версия для
слабовидящих
08
апрель
2022

"Өзін өзі -басқару" күні.

       Мектебімізде сәуір айының 8 күні «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары алдын ала жасалып, сол жоспар бойынша жүзеге асырылды. 9-10-11 сынып оқушылары төменгі буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. «Өзін-өзі басқару» күнінің ерекшелігі оқушылар тек сабақ өткізіп қана қоймай, сынып белсенділері мектеп әкімшілігінің ішкі жұмыстарына да араласып, өз шеберліктерін танытты. Бірі директор болып басшылықты қолына алса, бірі оқу, тәрбие жұмысының меңгерушісі болып, бір сәт болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді. Өздерінің тәжірбиесімен бөлісіп, оқушыларымызға көмектескен ұстаздарымызға, мектеп әкімішлігіне алғысымызды білдіреміз. «Өзін өзі басқару» күні мектеп әкімшілігі қызметінде 10 ә сынып оқушылары болды.