25
январь
2021
ЭкоАсар

«ЭкоАсар» экологиялық марафонына қатысайық!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне тиісті назар аудару қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында Семей қаласындағы мектептерде «ЭкоАсар» экологиялық марафоны қайта жалғасын табуда. Мектебіміздің оқушылары өз үлестерін қосып, акцияға белсене қатысуда. Осы «ЭкоАсар» экологиялық марафонына қатысуға барлық оқушыларды, ата-аналарды шақырамыз! Бұл бастама қоршаған ортаға жағымды әсер етіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп, қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі.