30
январь
2020
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш/ Литературно-музыкальный вечер, посвященный 175-летию великого Абая
Мектебімізде 31 қаңтар 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға қаламыздағы Абай музейінің қызметкері, ардагер-ұстаздарымыз қонақ ретінде шақырылды. Оқушылар ұлы Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін, әндерін нақышына келтіріп орындап, тіпті қазақтың төл өнері-айтыстан да үзінді көрсетті. мектепте Абай Құнанбайұлына арналып "Абай әлемі" бұрышы ашылды. мектептің І қабатында "Абай-дана", "Абай -дара қазақта" тақырыбында кітап көрмесі мен ұлттық қолөнер көрмесі қойылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
















