«Код сағаты - 2023» біздің мектепте. » Средняя общеобразовательная школа № 15
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"№15 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 51-41-72
Есепші бөлімі:
+7(7222) 51-41-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Код сағаты - 2023» біздің мектепте.
10
декабрь
2023

«Код сағаты - 2023» біздің мектепте.

   Код сағаты – 180-нен астам елден келген бірнеше миллион студенттер мен оқушыларды қамтитын жаһандық қозғалыс. Әрбір адам Код сағатының ұйымдастырушысы да, оның қатысушысы да бола алады. Код сағатының мақсаты – қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын ояту.

    Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясының өтілуіне байланысты, 2023 жылдың 4-10 желтоқсан аралығында  №15 жалпы орта білім беретін  мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында тақырыптық сабақ өткізілді. Мектебімізден 5-11 сынып оқушыларынан «Код сағатын» 800 оқушы қатысты.  Тақырыптық сабақты өткізу бойынша информатика мұғалімдері Ахметова Меруерт Серикжановна, Алшынбаева Молдир Талгатовна, Амангельдина Гульзат Қайратқызы, Толеугожина Гульнара Зиятовна, Сейтказина Назгуль Сарқытбековна ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сабақтар өткізді.  Тапсырмалар орта және жоғарғы екі деңгейден тұрды, Scratch-та бағдарламалау және жасанды интелект бойынша берілді. 

Барлық оқушыларымыз жаһандық акцияға өз үлестерін қосып, қызығушылықпен белсенділік танытты. 


#semey_bilim_bolimi #KZHourOfCode2023